23 маусым 2021 | 16:38

Вице-премьер қазақстандықтардың денсаулығына кім қауіп төндіретінін айтты

Фото: gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Ashyq ережелерін бұзатындар Қазақстан халқының денсаулығына қауіп төндіретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Ashyq ережелерін бұзатындар Қазақстан халқының денсаулығына қауіп төндіретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ashyq жобасы тиімді, ол пандемия кезінде 9 мыңнан аса бизнес субъектісінің жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. 4 миллионнан аса қолданушы тіркелді, елде әр минут сайын мыңдаған адамның статусы тексеріледі. Алайда жоба кейбіреулер өз статусын біле тұра, санитарлық талаптарды бұзатынын көрсетті", - деді Тоғжанов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ол 2021 жылдың сәуірінен бері Аshyq арқылы карантин режимін бұзған 9,6 мыңнан аса адам анықталғанын айтты. Олардың жартысында ПТР-талдау нәтижесі оң болған.

Реклама
Реклама

"Бүгінгі таңда санитарлық талаптарды сақтамайтын бұл категория, ел халқының денсаулығына қауіп төндіретіндер дәл осы адамдар тобы. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі карантин режимін бұзушыға 30 АЕК сомасында әкімшілік айыппұл салуды көздейтін қосымша ережелер қабылдады. Немесе 87 мың 510 теңге.

Бүгінде 19 адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 5 адамға айыппұл салынды. Бұл жұмыс жалғасады. Барлық тәртіп бұзушы әкімшілік жауапқа тартылады", - деді Тоғжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная