16 ақпан 2023 | 17:57

Вице-премьер киіміне қатысты жауабымен журналистерді күлдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Сенат отырысында Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен журналистер арасында қызықты әңгіме өрбіді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат отырысында Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен журналистер арасында қызықты әңгіме өрбіді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Серік Жұманғаринге сауал қойған БАҚ өкілдері Сауда және интеграция министрі ретінде отандық өнімді қолдап, Қазақстанда тігілген киімнен не киетінін сұрады.

Вице-премьер күлімсіреп жауап беріп: "Бірдеңе дұрыс емес пе" деп әзілмен сұрады.

Реклама
Реклама

Журналистер оның қаншалықты отансүйгіш екенін, отандық тауар өндірушілерді іс жүзінде қалай қолдайтынын білгісі келетінін айтты.

"Менің жеке басыма қатысты сұрақтарға жауап бермейтін ұстанымым бар. Мен бұл жерге жұмыс істеу үшін келдім. Қызметтік міндеттерім туралы кез келген сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын. Ал отбасыма және жеке өміріме қатысты сұрақтарға жауап бере алмаймын", - деді Серік Жұманғарин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная