23 ақпан 2022 | 14:20

Вице-премьер Скляр елдегі көлік тапшылығы қашан жойылатынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда көлік тапшылығы қашан жойылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда көлік тапшылығы қашан жойылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздің ойыңызша, автосалондарда неге көлік жоқ? Көлік тапшылығы жасанды түрде жасалғандай ой қалыптасады", - деген сұрақ қойылды премьер-министрдің орынбасарына "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында.

"Иә, өкінішке қарай, солай. Бірақ автосалондарда елде құрастырылған, сондай-ақ басқа да автомобильдер тапшылығы бар. Бұл кез келген көлік құрастыруда қолданылатын электрон чиптердің жетіспеушілігіне байланысты екені белгілі. Жағдай біртіндеп жақсарып, өз арнасына келеді. Келесі жылы отандық және импорттық автомобильдер жеткілікті болады деп күтеміз", - деп жауап берді Роман Скляр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная