28 шілде 2021 | 13:25

Визасы бар жарамды мерзімі аяқталған төлқұжатты қалай ауыстыруға болады?

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Шетелге шығуға арналған төлқұжаттың жарамды мерзімі немесе бос парақтары бітсе, бірақ виза әлі жарамды болса не істеу керек? Бұл туралы ІІМ көші-қон қызметі комитетінің халықты құжаттандыру және ішкі көші-қон есебі басқармасының бастығы Жанар Қожахметова айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шетелге шығуға арналған төлқұжаттың жарамды мерзімі немесе бос парақтары бітсе, бірақ виза әлі жарамды болса не істеу керек? Бұл туралы ІІМ көші-қон қызметі комитетінің халықты құжаттандыру және ішкі көші-қон есебі басқармасының бастығы Жанар Қожахметова айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанар Қожахметова бұл мәселеде ешқандай қиындық жоқ екенін айтты.

"Егер азамат жаңа төлқұжат алуға өтініш берсе, ол ең алдымен ескі құжатты мерзімінің аяқталуына немесе жарамсыздығына байланысты өткізуі керек. Бірақ егер ескі төлқұжатта қолданыстағы визалар болса, онда өтініші бойынша құжат азаматтың қолында қалады. Бірақ ақпараттық базада оның жарамсыз екені туралы белгі болады", - деді Жанар Қожахметова.

Реклама
Реклама

Бұл ретте жарамсыз төлқұжат мұқабасы арнайы құралмен тесіліп, белгі қойылады. Азамат жаңа төлқұжат алатын кездегі өтінішінде: "Маған қолданыстағы виза бар ескі төлқұжатты қалдыруды сұраймын, кейін құжат көші-қон қызметіне тапсырылады", - деп жазуға болады.

"Бұл белгілі бір ережемен реттеледі. Азаматтың қолында екі төлқұжат та қалады. Шекарадан өткен кезде жаңа төлқұжатты, ал визаны ескі төлқұжаттан көрсетесіз. Мұның бәрі ХҚКО-да рәсімделеді. Негізі қолданыста екі төлқұжаттың болуына жол берілмейді. Сондықтан жаңасын шығарған кезде ақпараттық жүйе ескісін жарамсыз деп таниды", - деп қосты маман.

Сондай-ақ, ІІМ өкілі кейбір шетелдік дипломатиялық өкілдік, егер қазақстандық төлқұжат қолданысы үш немесе алты айдан кейін аяқталатын болса, виза беруден бас тартуы мүмкін екенін ескертті. Маман құжаттардың жарамды мерзімін уақытымен тексеріп отыруға кеңес береді. Егер сіз шетелде төлқұжатыңызды жоғалтсаңыз, сол елдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне жүгінуіңіз керек, олар сізге елге кіру үшін бір реттік құжат береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная