ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 қазан 2016 12:06
WhatsApp мессенджерінде тарап жатқан кісі өлтіруші туралы ақпарат жалған болып шықты
Қазақстанның ІІМ өкілдері кісі өлтіруші әрі тонаушы туралы мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың мәліметінше, әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерінде қалада кісі өлтіруші пайда болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Соңғы аптада әлеуметтік желілерде және топтарда қалада кісі өлтіруші және тонаушы туралы хабарлама тарап жатыр. Бұл мәліметті біз тексердік. Ел территориясында мұндай қылмыс тіркелмеген. Сондай-ақ, министрлік жіберетін мәліметтер тек ресми дереккөздерден таралады", - деп мәлімдеді Сәдубаев.
Айта кетейік, қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде ыдыс-аяқ, көрпе-төсек және планшет сатушы болып, кісі өлтіріп жүр делінген мәліметті таратқан болатын.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу