15 мамыр 2020 | 14:48

WhatsApp-та Алматыдағы "ереуілдің" видеосы тарап жатыр

Полиция департаменті Алматыдағы "Сайран" автовокзалындағы "ереуілге" қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полиция департаменті Алматыдағы "Сайран" автовокзалындағы "ереуілге" қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде бір топ адамның жиналғаны түсірілген видео тараған еді.

Реклама
Реклама

"Ереуіл басталды. Әскерилер келді. Мыналардың барлығы (патрульдік көліктер - автор) тұр", - делінген видеода.

Полицейлер бұл видеоның кеше 14 мамырда сағат 16.30-да Әуезов ауданында түсірілгенін анықтады.

"Видеодан адамдардың әскерден Қордайдан келгендерді қарсы алып жатқаны көрінеді. Алайда видео авторы Алматыда ереуіл болып жатыр деген. Жалған видеоның авторы анықталды. Оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңға сәйкес шешім қабылданады", - деді полицейлер.

Ведомство өкілдері расталмаған мәліметтерді таратпай, тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная