28 желтоқсан 2020 15:31

"WhatsApp-та ар-намысына тиген". Павлодар тұрғыны желідегі хабарламасы үшін сотталды

© Тұрар Қазанғапов

Павлодардағы мамандандырылған әкімшілік сотта ер адамның ісі қаралды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардағы мамандандырылған әкімшілік сотта ер адамның ісі қаралды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz порталы.

Іс материалына сәйкес, WhatsApp мессенджерінде павлодарлық ер адамға тіл тигізіп, арна-намысына тиетін хабарлама жіберген.

Реклама
Реклама

Сот отырысында күдікті өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан.

Жәбірленуші күдіктінің кінәсін мессенджерде жазған сөзін қағазға шығару арқылы дәлелдеген.

"Сот үкімімен ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің
434-бабының, 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша кінәлі деп танылды. Оған 9 723 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram