WhatsApp-та далада вирус шашылатыны туралы фейк тарады

WhatsApp-та далада вирус шашылатыны туралы фейк тарады

Қазақстандықтар WhatsApp-та 7-8 тамызда "вирус шашатындықтан" далаға шықпауға шақыратын хабарлама таратып жатыр. Stopfake.kz мәліметінше бұл фейк хабарлама, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар WhatsApp-та 7-8 тамызда "вирус шашатындықтан" далаға шықпауға шақыратын хабарлама таратып жатыр. Stopfake.kz мәліметінше бұл фейк хабарлама, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарлама авторы "аурухана қызметкерлерінің" айтқанына сүйенеді. Олар стационарларда ауру жұқтырған науқастардың жаппай түсуіне дайындалып, оттегі баллондарын дайындап жатыр екен.

"10-11 тамызда адамдар ауруханаларға көптеп түседі, терезелерді жауып, шыдаңыздар. Таныстарыңызға айтыңыз. Барлығы жоспарланған. Әлсіздер өліп кетеді", - делінген мәтінде.

Жарнама
Жарнама

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарған.

"Бұл - фейк. Ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді ведомство өкілдері. 

Сондай-ақ, мекемедегілер Қазақстанда жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама