WhatsApp-та “Досаевтың“ атынан хабарлама тарады

Midjourney

WhatsApp мессенджерінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен әкімдік қызметкерлерінің атынан жалған хабарламалар тарап жатыр. Осыған байланысты әкімдік үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бейтаныс адамдар +7 707 342 64 39 нөмірінен, сондай-ақ, басқа да нөмірлерден хабарлама жіберіп, қоңырау шалып жатыр. Алматы қаласы әкімдігі мұндай сипаттағы хабарламаларды таратпайды. Мұндай хабарламалар мен бейтаныс тұлғалардан келетін қоңыраулар – алаяқтық әрекеттер", - деп жазылған хабарламада.

Әкімдік азаматтарға маңызды кеңес берді:

Реклама
Реклама
  • мұндай хабарламаларға жауап бермеңіздер;
  • күмәнді сілтемелерді ашпаңыздар;
  • жеке деректеріңізді таратпаңыздар.

"Сақ болыңыздар, тек ресми ақпаратқа сеніңіздер. Егер осындай хабарлама алсаңыздар, құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама