29 мамыр 2019 | 14:42

WhatsApp-та Ертіс өзенінің ластанғаны жайлы хабарламалар жалған болып шықты

© pexels.com

Ресейдің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі мен "Казцинк" АҚ өкілдері Ертіс өзенінің ластанғаны жайлы тарап жатқан мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі мен "Казцинк" АҚ өкілдері Ертіс өзенінің ластанғаны жайлы тарап жатқан мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы кәсіпорындардың бірінде апат болып, салдарынан Ертіс өзені ластанып, көрші тұрған Омбы облысына қауіп төніп тұрғаны жайлы жалған хабарламалар таралды.

Реклама
Реклама

Ресейдің ТЖМ Омбы облысы бойынша бас басқармасындағылар ресми түрде бұл хабарламалардың жалған екенін және шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Қауіпті химикаттардың таралу дерегі тіркелген жоқ. Омбы тұрғындарына жалған хабарламаға сенудің қажеті жоқ", - деді басқармадағылар.

"Казцинк" АҚ өкілдері де таралған хабарламаны жоққа шығарып отыр.

"Бұл хабарламалар мен видеолар 2016 жылы таралған. Ал бірақ қолданушылар ол қазір болып жатқандай хабарлап жатыр. Шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпауға кеңес береміз", - дейді компаниядағылар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная