03 қазан 2024 | 09:50

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

Фото: blog.whatsapp.com

WhatsApp мессенджерін әзірлеушілер бейнеқоңырауларды жақсарту үшін он фильтр мен он фон ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp мессенджерін әзірлеушілер бейнеқоңырауларды жақсарту үшін он фильтр мен он фон ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания блогындағы мәлімет бойынша, жаңа құралдар бейнеқоңырау кезінде әртүрлі фильтр мен виртуал фондар арқылы суретті жақсартуға мүмкіндік береді. Фильтрлер ассортименті Instagram Stories-тегі негізгі жиынтыққа ұқсайды.

Пайдаланушы бейнеқоңырау кезінде фонды бұлыңғыр ете алады, сондықтан қоршаған орта көрінбейді. Сонымен қатар, әзірлеушілер кескінді өңдеуді және түнгі түсіру режимін қосты.

Реклама
Реклама

Жеке немесе топтық бейне қоңырау кезінде жаңа фондар мен фильтрлерді қолдану үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы эффект белгішелерін түрту керек. Алдағы апталарда бұл функциялар барлық мессенджер пайдаланушыларына қолжетімді болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram