ПОДЕЛИТЬСЯ
21 наурыз 2021 | 11:49
WhatsApp-та тіл тигізген ШҚО тұрғыны жазаланды
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны WhatsApp мессенджерінде тіл тигізгені үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті Қылмыстық-түзету жүйесі департаментіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны WhatsApp мессенджерінде тіл тигізгені үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті Қылмыстық-түзету жүйесі департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, әйел адам отбасымен басқа әйелдің үйін жалдап тұрған. Алайда пәтерақыны төлей алмағандықтан үйді босатуға мәжбүр болған.
"Көшіп бара жатқан кезінде тұрғылықты жері болмаған, сондықтан заттарының жартысы мен құжаттарын сол үйде қалдыруға мәжбүр болған. Сосын заттары мен құжаттары жоғалып кеткен. Сөйтіп әйел адам мен үй иесі жанжалдасып қалған. Ол ашуланып, үй иесіне WhatsApp арқылы боқауыз сөздер айтып аудио жіберген", - деді ведомство өкілдері.
Жәбірленуші аудионы сақтап, сотқа жүгінген. Сотта ол дәлелдемелерді көрсетіп, ал айыпталушы өз кінәсін мойындаған.
"Сот әйелді заңбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа үкім шығарды. Ол пробация қызметіне есепке қойылып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін әкімдікке жіберілді", - деді ШҚО ҚАЖД пробация қызметінің басшысы Мақсат Манарбеков.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также