Хакерлер Астана әуежайының сайтын он сағатқа істен шығарды

Хакерлер Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайының сайтын бұзып, біршама уақытқа істен шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Хакерлер Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайының сайтын бұзып, біршама уақытқа істен шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2019 жылы 3 наурызда сағат 00:37-де Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалып, сайт уақытша істен шықты. Шабуылдың жасалғаны туралы талдау және кибершабуылды зерттеу орталығының WebTotem мониторингтік жүйесі арқылы анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

"Таңғы сағат 10.20-да сайт қалпына келтірілді және штаттық режимде жұмыс істейді. Бұзу нәтижесінде сайттың онлайн-таблосына ғана кіру мүмкіндігі болған жоқ, әуежай жұмысына әсер еткен жоқ", - деді әуежайдың баспасөз қызметі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама