Халық пен Президенттің алдында жауапкершілікті өз мойындарыңызға аласыздар - Сағынтаев министрлерге

Премьер-министр Ба?ытжан Са?ынтаев министрлерге халы? пен президентті? алдында?ы жауапкершілікті есіне салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев министрлерге халық пен президенттің алдындағы жауапкершілікті есіне салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бес айдың қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығында өсім бар, өндіріс саласында. Бізді құрылыс саласы тұралатып тұр. Сондықтан, Бақыт Тұрлыханұлы (қаржы министрі Сұлтанов - Авт.), алты айдың қорытындысы бойынша орындау болмаса, қаражат қайтарылады", - деп мәлімдеді премьер-министр.

Ол қайтарылған қаражаттың ауыл шаруашылығын дамытуға және экономиканы кредиттеуге жұмсалатынын айтты. 

Реклама
Реклама

"Шамамен 100 миллиард теңге экономикамыздың өсіміне пайдаланылып жатқан жоқ, оны алып, қажетті салаларға құямыз. Әкімдер өз салалары бойынша жауапкершілікті мойнына алады. Экономикада өсім болуы тиіс. Есеп бергенде барлығы жақсы орындалып жатыр дейміз. Бұл ұмытылмауы тиіс. Бұл соңғы сөз, жартыжылдық қорытындысында игерілмеген қаражат басқа бағытқа жұмсалады. Халық пен президенттің алдында жауапкершілікті өз мойындарыңызға аласыздар", - деп мәлімдеді Сағынтаев.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама