Халықаралық іздеуде болған қазақстандық БАӘ-ден экстрадицияланды

Халы?аралы? іздеуде бол?ан ?аза?станды? БА?-ден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р Бас прокуратурасыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық іздеуде болған қазақстандық БАӘ-ден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің (бұдан әрі - БАӘ) Әділет министрлігімен аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін күдікті қазақстандықты ұстап беру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, қазақстандықтың Қазақстан Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол күштері және БАӘ-дегі Қазақстан Бас консулдығының әрекеттесуімен елге жеткізілгені айтылады.

Реклама
Реклама

"Ол өткен жылғы жазда 7 автокөлік иелерін алдап, көліктерін заңсыз иеленгені үшін күдікті болып табылады. Кейіннен автокөліктерді жалған құжатпен сатып жіберген.  Келтірілген шығынның жалпы соммасы 30 млн. теңгені құрды. Қылмыс жасағаннан кейін, күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланды", - деді прокуратура өкілдері.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама