Халықаралық көрмелер бюросының өкілдері EXPO-2017 көрмеcін созу туралы ұсынысқа пікір білдірді

© Тұрар Қазанғапов

Халы?аралы? к?рмелер бюросына ?аза?стан билігіні? атынан Астанада?ы EXPO-2017 к?рмесін созу туралы хат келген жо?. Б?л туралы бюроны? Tengrinews.kz тілшісі жолда?ан сауал?а берген жауабында айтылады.

Халықаралық көрмелер бюросына Қазақстан билігінің атынан Астанадағы EXPO-2017 көрмесін созу туралы хат келген жоқ. Бұл туралы бюроның Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады.

"Париждің халықаралық көрмелер жөніндегі конвенциясында мамандандырылған көрмелердің кем дегенде екі аптаға және үш айдан артық уақытқа созылмауы керектігі айтылады. Сондай-ақ, 2014 жылдың маусымында Халықаралық көрмелер бюросы бекіткен құжатта Астанадағы EXPO-2017 көрмесінің 2017 жылдың 10 маусым - 10 қыркүйек аралығында өтетіні көрсетілген. Бюроның ережелеріне байланысты Астанадағы EXPO-2017 көрмесін созуға болмайды", - деді Халықаралық көрмелер бюросындағылар.

Сондай-ақ, бюро өкілдері кез келген іс-шараның созу арқылы қатысушыларға проблема жасайтынын және олардың бюджетінің тек үш айға есептелетінін айтып өтті.

Реклама
Реклама

Кеше "Астана ЭКСПО-2017" өкілдері көрмені қарашаға дейін созу туралы ұсынысқа жауап берген болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстандық туроператорлар Есімовтен EXPO-2017 көрмесін қарашаға дейін созуды сұраған болатын. Петиция авторларының айтуынша, туроператорлар мен туристік қоғамдастықтарда алғаш рет ішкі және сыртқы туризмнің арқасында жақсы табыс табуға мүмкіндік туды.

Сондай-ақ, 15 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовпен EXPO-2017 көрмесін талқылаған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама