ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 қаңтар 2017 17:39
"Хан Шатырда" қыздардың не себепті ішкиіммен жүргені белгілі болды
Астанада?ы "Хан Шатыр" сауда орталы?ында ішкиіммен ж?рген ?ыздар француз фотосуретшісі ?йымдастырып отыр?ан к?рмені жарнамалап ж?рген болып шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Гипер Астана" к?рмесіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.
Астанадағы "Хан Шатыр" сауда орталығында ішкиіммен жүрген қыздар француз фотосуретшісі ұйымдастырып отырған көрмені жарнамалап жүрген болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Гипер Астана" көрмесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, бұл анонс француз фотосуретшісінің алда өтетін бірегей көрмесіне арналған. "Мұндай шараны өткізіп отырған агенттіктің мақсаты - көрмені жарнамалау ғана емес, сондай-ақ, бұл өнер түрінің бірегей екенін көрсету. Кейбіреулер сынға алса, кейбіреулері қолдау көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Жан-Франсуа Розьенің "Гипер Астана" көрмесінің ашылу салтанаты 20 қаңтарда сағат 19.00-де Бейбітшілік және келсім сарайында өтеді. Көрмеде 30-дан аса эксклюзив экспозиция көрсетілетін болады.
Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, "Гиперфото" жобасы 2002 жылы пайда болған. Жобаның жұмыстары Лос-Анджелестегі Анненберг қорында, Мәскеудегі заманауи өнер музейінде, Брюссельдегі мәдени-ботаникалық институтта, сондай-ақ, Луи Виттон, Бернар Магрез, Версаль сияқты коллекцияларда сақталады екен.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу