ХҚКО-да электрондық цифрлық қолтаңба беру тәртібі жеңілдетілді

© Тұрар Қазанғапов

"Азаматтар?а арнал?ан ?кімет" мемлекеттік корпорациясы жеке т?л?алар?а электронды? цифрлы? ?олта?ба (ЭЦ?) беру процесін же?ілдетті. Б?л ?рдіс "бір терезе" ?а?идаты бойынша пилотты? т?ртіпте ж?зеге асырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік корпорацияны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жеке тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру процесін жеңілдетті. Бұл үрдіс "бір терезе" қағидаты бойынша пилоттық тәртіпте жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді ЭЦҚ алу үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (pki.gov.kz) порталы арқылы алдын-ала өтінім беріп, жеке тұлғаны растау үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Бірден ХҚО-ға келіп, электрондық кезек талонымен маманға тікелей жүгінсе, оператор барлық қажетті өтінімдер мен операцияларды өзі орындайды. Барлық процесске шамамен 5 минут уақыт кетеді.

Қызмет алушы өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат пен usb тасымалдаушыны әкелуі тиіс.

Реклама
Реклама

Ал заңды тұлғалар ЭЦҚ-ны жеңілдетілген үрдіспен қазан айының соңында ала бастайды.

Айта кету керек, "Азаматтарға арналған үкіметтің" фронт-офистері арқылы биылғы жылдың 8 айында 4,5 миллионға жуық ЭЦҚ берілді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама