Якутиядағы орман өртінен шыққан түтін Нұр-Сұлтанға жетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©Tengrinews.kz

Соңғы бірнеше күнде Нұр-Сұлтанды түтін басқаны байқалады. Метеорологтар мәліметінше, түтін орман өрті өршіп тұрған Якутиядан келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы бірнеше күнде Нұр-Сұлтанды түтін басқаны байқалады. Метеорологтар мәліметінше, түтін орман өрті өршіп тұрған Якутиядан келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өткен бірнеше тәулікте, республика өңірлерінде циклон әсерінен бұлтты ауа райы сақталды. Сонымен қатар, ауа ағындары Сібірдегі орман өртінен түтін жамылғысын әкелді. Атмосфераның беткі қабатындағы ылғалдың жоғары мөлшері, ластаушы заттар концентрациясының (жану өнімдері, пайдаланылған газдар және т.б.) жиналуына қолайлы болды", - делінген хабарламада.

2021 жылдың 10-11 тамызында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында атмосферадағы азот диоксиді бойынша шекті норма мөлшері 1,7 ШРК-ға дейін жеткен.

Реклама
Реклама

Синоптиктер мәліметінше, ауқымды циклон Қазақстанның солтүстігінде ауа райы жағдайларының қалыптасуын тоқтатады. Бұл өз кезегінде түтін шымылдығының сейілуіне, оның елдің шегінен тыс жерлерге ауысуына және Қазақстан аумағына жаңа, салқын ауа массасының келуіне себепші болады.

Болжам бойынша 12 тамызда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде 8-10 градусқа, күндіз 16-18 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Айта кетейік, Якутияда бір айға жуық уақыт бойы орман өртеніп жатыр. Қазірдің өзінде бір жарым миллион гектар орман өртенген. Өрт ондаған елді мекендерге қауіп төндіріп тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная