"Яндекс.Такси" Қазақстандағы сервистің "бұғатталуына" қатысты мәлімдеме жасады

Тengrinews.kz иллюстрациясы

"Яндекс.Такси" Қазақстанда сервистің бұғатталуы туралы БАҚ-та жазылған ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru порталына сілтеме жасап. 

"Яндекс.Такси" Қазақстанда сервистің бұғатталуы туралы БАҚ-та жазылған ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru порталына сілтеме жасап. 

Бұғаттау туралы ақпаратты "Яндекс.Такси" баспасөз қызметінің өкілі Ася Мелкумова жоққа шығарғаны хабарланды.

Портал мәліметінше, компания өкілі Алматы ауданаралық экономикалық сотының шешімі Қазақстандағы сервистің жұмысына кедергі келтірмейтінін түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Біздің сервис жұмыс істеп тұр және ол жұмысын жалғастырады. Патенттік дауға келетін болсақ, компания апелляция береді", - делінген Lentа басылымында.

Бұған дейін Finance.kz Telegram-арнасында Қазақстанда сот "Яндекс.Такси" қызметіне тыйым салып, ел аумағында қосымшаны бұғаттауға шешім жасағаны туралы хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама