ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2021 | 15:47
"Яндекс.Такси" сервисінің "бұғатталуы": Алматы экономикалық соты мән-жайды айтты
Алматының экономикалық соты "Яндекс.Таксиді" бұғаттау туралы ақпаратты түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының экономикалық соты "Яндекс.Таксиді" бұғаттау туралы ақпаратты түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот мәліметінше, шешім әлі заңды күшіне енген жоқ және оны ешкім мәжбүрлеп орындатпайды.
"2021 жылы 19 мамырда сот G. ЖШС-нің "Яндекс.Таксиге" қатысты арызын қарады, бұл таксиге тапсырыс берудің автоматтандырылған қызметін пайдалануға (Қазақстан Республикасы ӘМ патент беруіне байланысты) зияткерлік меншік құқығымен байланысты. Істі қарау аясында сот компанияның қызметін шектеген жоқ (шаралар қабылданбады)", - деді сот өкілдері.
Қазіргі уақытта апелляциялық шағымдар түсті, дау апелляциялық сатыда қаралады.
Бұған дейін Finance.kz Telegram-арнасында Қазақстанда сот "Яндекс.Такси" қызметіне тыйым салып, ел аумағында қосымшаны бұғаттау туралы шешім жасағаны туралы хабарланған.
Кейін "Яндекс.Такси" баспасөз қызметінің өкілі Ася Мелкумова бұғаттау туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также