"Яндекс.Таксиге" қатысты екі тергеу жүріп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

"Яндекс.Такси" ісі сотта қаралды. Бәсекелестікті қорғау агенттігі мамандарының айтуынша, компанияға қарсы бірден екі тергеу жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

"Яндекс.Такси" ісі сотта қаралды. Бәсекелестікті қорғау агенттігі мамандарының айтуынша, компанияға қарсы бірден екі тергеу жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, "Яндекс.Такси" қызметі нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланып, тарифтерді жасанды түрде арттырды деген күдікке ілінген. Қыркүйекте алматылықтар "Яндекс.Такси" қызметінің қымбаттығына шағымданған. Монополияға қарсы департамент төрағасының орынбасары бір іс тоқтатылып, екіншісі бойынша сот процесі жүріп жатқанын айтты.

"Біз істі үстемдікті теріс мақсатта пайдалану, яғни такси агрегаторының түрлі қызметтер көрсету дерегі бойынша аштық. Биыл екінші тексеруді белгіледік. Бұл монополиялық жоғары баға дерегіне негізделген. Яғни, бұл да үстем жағдайды теріс пайдалану болып табылады. Ал бұл дерек бойынша қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін "Яндекс.Таксиге" тариф белгілеу бойынша тексеру жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама