ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қазан 2021 | 14:45
Яп Чен Бинг пен Ерлан Әукенов ҚТК директорлар кеңесіне мүше болды
Қазақстан тұрғын үй компаниясы директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан тұрғын үй компаниясы директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шешімді 25 қазанда ҚТК жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің басқармасы қабылдады.
"Директорлар кеңесінің мүшесі Олжас Салықов пен тәуелсіз директор Нұрлан Тоқобаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Компанияның директорлар кеңесінің жаңа мүшелері және тәуелсіз директорлары ретінде Яп Чин Бенг (Yap Chin Beng) пен Ерлан Әукенов сайланды", - делінген хабарламада.
Олжас Салықов бұған дейін "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары әрі басқарма мүшесі болып сайланды.
ҚТК-де Яп Чин Бенг Уорик Бизнес мектебінің (Warwick) бизнес әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие, Австралия мен Сингапурдың бірнеше университеттерін бітіргені хабарланды. 40 жыл бойы Сингапурдың Housing and Development Board тұрғын үй құрылысы және дамыту бойынша түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
Сондай-ақ, компанияда бірыңғай оператор құрудың негізіне 2018 жылдан бері "Бәйтерек" ҰБХ зерттеген тұрғын үй құрылысын дамытудың сингапурлық моделі алынғаны айтылды.
Ерлан Әукенов қалаларды дамыту саласында магистрі (The London School of Economics), мемлекеттік саясат және жобаларды басқару магистрі (The University of Bradford), іскерлік әкімшілендіру магистрі (AlmaU, Алматы) дәрежесіне ие. Білім және ғылым министрлігінде, Президент әкімшілігінде, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде жұмыс істеген. 2019 жылдан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, сондай-ақ, Алматы қаласы әкімінің орынбасары және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Ол - "Q88 қазақстандық урбанистер қауымдастығы" ҚБ Кеңесінің төрағасы және "Қазақстанның тәуелсіз директорлар қауымдастығы" ҚБ төрағасының орынбасары.
"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" - халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың бірыңғай операторы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также