Ыстамбұл орталығында Тоқаевтың ФИФА басшысымен түскен суреті пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ыстамбұл орталығында Қасым-Жомарт Тоқаевтың ФИФА басшысы Джанни Инфантиномен түскен суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ыстамбұл орталығында Қасым-Жомарт Тоқаевтың ФИФА басшысы Джанни Инфантиномен түскен суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ыстамбұл орталығындағы жарнама экранында Қазақстан Президенті мен Халықаралық футбол федерациясы басшысының Астанада өткен кездесуде түсірілген суреті пайда болды.

"ФИФА Қазақстанда футболдың дамуына көмектеседі", - деп түрік тілінде жазба жазылған.

Реклама
Реклама

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғапов Ыстамбұл орталығында, Айя-София мешітінен алыс емес жерде орналасқан жарнама экранын суретке түсіріп алды. Бұл жерден күн сайын туристер мен жергілікті тұрғындар легі өтеді.

Еске салайық, 3 мамырда Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен ФИФА басшысы Джанни Инфантино қазақстандық футболдың әлеуетін арттыру және жасөспірімдер спортын дамыту мәселелерін талқылаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная