Ыстамбұлдағы жарылыста зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

Дина Шарипханова Корреспондент
Ыстамбұлдағы жарылыста зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ Фото:twitter.com/anadoluagency

Ыстамбұлдағы жарылыс кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ыстамбұлдағы жарылыс кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Жарылыстан кейін біздің дипломаттарымыз түрік билігімен байланысқа шықты, түні бойы дипломаттарымыз кезекшілікте болды. Зардап шеккендер арасында біздің азаматтарымыз жоқ", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, жексенбіде түстен кейін Ыстамбұлдың басты туристік көшесі саналатын Истикляльдегі жаяу жүргіншілер жолында жарылыс болды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, жарылыс салдарынан алты адам қаза тапқан. Ыстамбұлдың Бас прокуратурасы оқиғаны тергеуді бастады. Қылмыстық сот оқиға орнынан және әлеуметтік желілерден тікелей хабар таратуға тыйым салды.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама