ПОДЕЛИТЬСЯ
06 ақпан 2020 | 16:01
Ыстамбұлдағы ұшақ апатынан екі қазақстандық зардап шекті
Ыстамбұлдағы ұшақ апатынан екі қазақстандық зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ыстамбұлдағы ұшақ апатынан екі қазақстандық зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның Ыстамбұлдағы бас консулдығының мәліметінше, 2020 жылы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 18:00-де Ыстамбұл әуежайында ұшақ апатынан Қазақстанның екі азаматы зардап шеккен. Олар Фатих Сұлтан Мехмет клиникасына жатқызылды.
"Бас консулдық жағдайды бақылауға алды және отандастарымызға қажет көмекті көрсету үшін шаралар қабылдап жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Ыстамбұлда апатқа ұшырау алдында қонған ұшақтың видеосы пайда болды
Еске салайық, Измир - Ыстамбұл рейсін орындаған ұшақ үшке бөлініп қалған. Соңғы мәліметтер бойынша, 3 адам қаза тауып, 179-ы жарақат алған.
Ыстамбұл губернаторы Али Ерикайяның айтуынша, бортта 183 адам болған: 177 жолаушы, оның ішінде екі бала, экипаждың алты мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша, апат себебі - қолайсыз ауа райы.
Показать комментарии
Читайте также