08 қазан 2018 | 17:19

Ыстанбұл әуежайындағы қазақстандықтың өліміне қатысты жаңа деректер шықты

© REUTERS/Murad Sezer

ҚР Сыртқы істер министрлігіндегілер Ыстанбұл әуежайында қайтыс болған қазақстандыққа қатысты жаңа деректерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Сыртқы істер министрлігіндегілер Ыстанбұл әуежайында қайтыс болған қазақстандыққа қатысты жаңа деректерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оның жұбайы Ыстанбұлға ұшып шықты. Біздің елші қолғабыс етіп, мәйітті тану шарасы өтті. Келесі күні ер адамның денесі Астанаға жіберілді. Тергеу жүріп жатыр, түрік полицейлерінен ақпарат күтеміз. Ол үйленген. Оның жұбайы оған қатысты қандай да бір мәліметті жарияламауды сұрады. Тергеу екі, үш айға созылады", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров.

Реклама
Реклама

СІМ өкілдерінің хабарлауынша, 27 қыркүйекте сағат 19.00-де Ыстанбұлдағы "Ататүрік" халықаралық әуежайында Қазақстанның 1981 жылы туған азаматы әкімшілік ғимараттың екінші қабатынан секіріп, суицид жасаған

"Ол 26 қыркүйекте Түркияға ұшып келіп, бір тәулік әуежайда қонған. Оқиға болған жерге келген түрік дәрігерлері оны құтқара алмады", - деп хабарлады министрліктегілер.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная