16 қаңтар 2023 | 11:05

Ыстық су атқылады: Алматыда тағы да жылу құбыры жарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматыда тағы да жылу жолының құбыры жарылды. Желіде куәгерлер түсірген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тағы да жылу жолының құбыры жарылды. Желіде куәгерлер түсірген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 16 қаңтарға қараған түні Алмалы ауданы Сайран көлінің маңында орналасқан "Жайлы" тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Оқиға салдарынан бірнеше көпқабатты үй уақытша жылусыз қалды.

Реклама
Реклама

Алматы қалалық коммуналдық қызмет өкілінің айтуынша, жарылған жылу құбыры тұрғын үй кешенінің баланасында.

"Таңғы сағат 3 пен 4-тің арасында ішкі учаскеде жылу құбыры жарылды. Біздің мамандар апат орнына барып, оны қалпына келтіруге көмектесті. Таңғы сағат 8-ге қарай үйлерге жылу берілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - деді Алматы қаласы Жылу энерго кешені және ТКШ ресми өкілі Ян Гирин.

Оның айтуынша, құбыр 2003 жылы пайдалануға берілген. Оның диаметрі 150 сантиметр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram