ПОДЕЛИТЬСЯ
18 шілде 2019 | 09:10
Ыстықкөлде жоғалған алматылық тұрғын табылды
2 күннен бері Ыстықкөлде із-түссіз кеткен алматылық 53 жастағы Аркадий Мальков табылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2 күннен бері Ыстықкөлде із-түссіз кеткен алматылық 53 жастағы Аркадий Мальков табылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ол кеше түнде "Алтын-көл" демалыс үйіне таксимен өзі оралған. Оның айтуынша жалға алған скутері істен шығып, көл ортасында қалып қойыпты. Қазір бұл жағдайға қатысты тергеу жұмыстары басталып, мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.
"Скутердің жанармайы бітіп, көл ортасында қалып қойдым. Екі күн бойы скутерде ұйықтадым. Дауыл болып, құрылғым батып кетті. Ал мен күшім жеткенше жүзіп, жағалауға шықтым. Қатты шаршадым. Денем күнге күйіп қалды", - дейді Аркадий Мальков.
Естеріңізге салсақ, Алматы тұрғыны 14 шілдеде күндізгі уақытта хабар-ошарсыз кетіп, іздеу салынған болатын. Бірге демалуға барған досының айтуынша, ол Қара-ой ауылынан скутер жалға алып, көлдің оңтүстік жағалауына кеткен бойы қайтып келмеген. Сол сәтте іздестіру жұмыстары басталып, Қырғызстанның 200-ге тарта полиция қызметкері жұмылдырылған. Сондай-ақ ұшақ жалданып, қайықтар тартылған еді.
Показать комментарии
Читайте также