22 сәуір 2021 | 13:13

"Южный" саябағындағы учаске Алматы меншігіне қайтарылады

Алматыдағы "Южный" саябағына қатысты қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы Қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы "Южный" саябағына қатысты қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы Қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше жыл бойы Алматы қаласы Бостандық ауданы тұрғындары "Южный" саябағы аумағын тұрғын үй құрылысына бермеу үшін күресіп келеді. Алайда жер қатынастары басқармасы мәліметіне сүйенсек, қазір қала әкімі Бақытжан Сағынтаев учаскені қала меншігіне қайтару жұмыстарын бастауға мүмкіндік беретін құжатқа қол қойған.

"Осы қаулыға сәйкес Алматы қаласының бас жоспарын іске асыру (аумақты абаттандыру және көгалдандыру) үшін Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алуға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні: 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленсін", - делінген құжатта.

Реклама
Реклама

Алматы әкімі Жер қатынастары басқармасына меншік иелерін хабардар етуді және заңнамада белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді тапсырды.

Айта кетейік, қазір "Южный" саябағындағы учаске TURKUAZ GROUP OF COMPANIES компаниясы иелігінде. 2018 жылы "Южный" саябағындағы тұрғын үй кешенінің құрылысына арналған учаске мемлекетке қайтарылатыны хабарланған болатын. Кейін компания құрылыстан өз еркімен бас тартатынын және саябақтың солтүстік бөлігіндегі өзіне тиесілі жер учаскесін беруге дайын екенін айтқан.

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының Бостандық ауданындағы "Южный" паркінің тағдыры туралы айтып берген болатын.

"Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде бұл мәселе талқыланды, меншік иесі сол кезде бірнеше рет келіп, құрылысқа рұқсат сұрады. Несие беруші сол жерден жер учаскесін алған шығар. Дегенмен, біздің ұстанымымыз өзгеріссіз қалады. Онда көпқабатты тұрғын үй кешенін салуға рұқсат бермейміз", - деді қала әкімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная