18 желтоқсан 2020 11:06

ЮНЕСКО тоғызұмалақ ойынын адамзатқа ортақ мәдени мұра деп таныды

Сурет: СІМ баспасөз қызметі

17 желтоқсанда Парижде тоғызұмалақ ойыны Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының Репрезентативтік тізіміне енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

17 желтоқсанда Парижде тоғызұмалақ ойыны Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының Репрезентативтік тізіміне енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Материалдық емес мәдени мұраны (МЕММ) қорғау жөніндегі үкіметаралық комитет тиісті ұсыныс үшін онлайн режимде өтіп жатқан 15-сессияда дауыс берді.

Реклама
Реклама

"Сессияда Үкіметаралық комитет 42 номинацияны, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан және Түркия бірлесе енгізген "Тоғызұмалақ" ойынын қарастырды", - делінген хабарламада.

Тоғызұмалақ (қырғыздарда - Тогуз коргоол, түріктерде - мангала/гечюрме) - адамның ұтқырлық пен тапқырлық қасиетін ұштайтын, әрі математикалық ойлау мен төзімділікке баулитын ойын. Ол ежелгі түркілер қасиетті санаған 9 санына негізделген. Ойынды кейде "қойшылар алгебрасы" деп те атады. Өйткені, ойын кезінде барлық төрт негізгі математикалық амал қолданылады. Ойын жылдамдық пен әдіс-тәсіл санауға құрылған.

"Тоғызқұмалақтың" енуімен бірге МЕММ репрезентативтік тізіміндегі адамзаттың мәдени мұрасы санатындағы қазақстандық элементтер саны 11-ге жетіп отыр. Бұған дейін бұл тізімге домбыра күй өнері, киіз үй жасау дәстүрі, айтыс, қазақ күресі, Наурыз мейрамы, саятшылық, жіңішке нан - қатырма, асық ойыны, Қорқыт мұрасы және қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі мерекелік әдет-ғұрыптары (бие байлау, айғыр қосу, қымыз мұрындық) кірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram