29 қаңтар 2023 08:48

Із-түзсіз жоғалып кеткен 3 қазақстандық өлі табылды

© instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматы, Алматы облысы мен Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен екі ер адам мен бір әйел өлі табылды. Оқиғаның мән-жайы белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LIDER.KZ еріктілер тобының Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соколова Наталья 2022 жылы 13 қарашада Алматыда жоғалып кетті. 1963 жылы туған әйел қара пальто киіп, Пушкин көшесі, 41 мекенжайдағы үйден шығып кеткен.

Реклама
Реклама

1952 жылы туған Махатов Райымбек Алматы облысы Қарасай ауданы Долан ауылында жоғалып кеткен. Ол биыл 25 қаңтарда үйінен шығып, оралмаған.

Свистунов Павел 1964 жылы Көкшетауда дүниеге келген. Ол Пушкин көшесі, 6-үйде тұратын. 2022 жылғы 25 желтоқсанда ер адам үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Оның жанында үйдің кілті мен жеке куәлігі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram