"Жағдайым жақсы" - Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Марченко

?Р ?лтты? банкіні? б?рын?ы басшысы Григорий Марченко Астанада ?тіп жат?ан М?скеу мемлекеттік халы?аралы? ?атынастар институты (ММХ?И) т?лектеріні? IV Форумына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Григорий Марченко Астанада өтіп жатқан Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ) түлектерінің IV Форумына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Форум оқу орнының қамқоршылар кеңесі және Эндаумент мүшесі, 1976 жылғы түлегі Фаттах Шодиевтің қолдауымен өтіп жатыр. Форумды ҚР Сенат парламентінің спикері Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров сияқты ММХҚИ түлегі, ол да Астанаға келді. Сонымен қатар, бұл жиынға ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Григорий Марченко да келді. 

"Мен ерікті зейнеткермін. Жағдайым жақсы", - деп жауап берді ол журналистердің немен айналысып жүрсіз деген сұрағына. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Григорий Марченко 2013 жылдың 1 қазанында ҚР Ұлттық банк басшысы қызметінен кеткен болатын. Ол банкті 2009 жылдан бастап басқарған. 

2013 жылдың қарашасында Григорий Марченко өзінің Швейцарияда тұрып жатқанын мәлімдеген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама