Жәйремдегі шетелдіктермен қақтығыс: 7 адам ұсталды

Жәйремдегі шетелдіктермен қақтығыс: 7 адам ұсталды

Қарағанды облысы Жәйрем ауылында шетелдіктермен болған қақтығыстан соң 7 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Жергілікті полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы Жәйрем ауылында шетелдіктермен болған қақтығыстан соң 7 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Жергілікті полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұзақылық әрекет жасап, бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен Жәйрем кентінің 22-ден 33 жасқа дейінгі 7 тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полициядағылар.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, мұның алдында Қарағанды облысында жергілікті және шетелден келген жұмысшылар арасында жанжал шыққаны жайлы хабарланған еді. Бұл оқиға 12 тамызда Жәйрем ауылында болған. Кейінірек полиция мәлімдеме жасаған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама