Жалағашта сәукелелер байқауы өтті

©Нұрғиса Елеубеков

Бүгін Жалағаш ауданының орталығы Жалағашта 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі орай сәукелелер байқауы өткізілді. Оған аудандағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындардан 20-дан астам команда келіп, жұртшылық назарына 260-тан астам сәукеле ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абзал Қанбаевтың айтуынша, осы арқылы жас ұрпақ бойында ұлттық салт-дәстүрге деген құрметті арттыруға әбден болады. Өйткені, бүгінгі буын көп жағдайда қазақтың салт-дәстүрінен хабарсыз болып жүргені белгілі. Аталмыш байқауға балабақшалар мен мектептегі технология пәнінің мұғалімдері қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша аудандық оқушылар үйінің ұжымы бас бәйгеге ие болды.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама