01 қазан 2020 | 14:19

Заманауи ұстаздың портреті қандай болуы керек? Сарапшының пікірі

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Нұр-Сұлтан қаласындағы №54 мектеп-лицейінің директоры, Назарбаев университетінің түлегі Шәкәрім Сейсенбай заманауи ұстаз қандай болу керегін, білім жүйесіндегі жаңашылдықтың тиімділігі, оқуды жеңілдетугі тиімді құралдар туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Нұр-Сұлтан қаласындағы №54 мектеп-лицейінің директоры, Назарбаев университетінің түлегі Шәкәрім Сейсенбай заманауи ұстаз қандай болу керегін, білім жүйесіндегі жаңашылдықтың тиімділігі, оқуды жеңілдетугі тиімді құралдар туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алған. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңестер береді. 

Реклама
Реклама

Жаңа шығарылымды бүгін, 1 қазан сағат 20.00-де I-BALAQAI YouTube-каналынан көріңіздер. Жоба қонағы "Заманауи ұстаздың портреті" тақырыбында ойын айтады.

Шәкәрім Сейсенбай - еліміздегі ең жас мектеп директоры. Сондай-ақ ол білім беру саласының магистрі, "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы. 

Жүргізуші - Майра Төлепберген. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбаттың үзінділерін біздің сайтымыздан және Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан таба алады. i-balaqai жобасы аясында бірқатар подкаст, пайдалы мақала, видеолар шығады.

Видеосұхбат жазбасын Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная