Жамбыл облысы қуатты индустриялық өңірге айналуға тиіс - Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

?аза?стан Президенті "?азУпакТрейд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті "ҚазУпакТрейд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасы кәсіпорында гипс пен гипс-картон жасау технологиясымен танысты. "КазУпакТрейд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі қызметі - құрылыс материалдарын шығару. Оның жобалық қуаттылығы жылына 150 мың тонна өнімді құрайды. Кәсіпорын 50 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының өңірдегі орындалу барысы туралы  мәлімделді. Бұдан бөлек, Қазақстан Президентіне 557 миллиард теңгені құрайтын 30-дан астам жобаның жүзеге асырылуы жоспарланып отырғаны жөнінде баяндалды. Осыған орай, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Реклама
Реклама

Елбасы түрлі мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде Жамбыл облысы қуатты индустриялық өңірге және еліміздің химия өнеркәсібінің орталығына айналуға тиіс екенін атап өтті.

Соңында Елбасы "ҚазУпакТрейд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларымен және басшылығымен әңгімелесіп, еңбектеріне табыс тіледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама