Жамбыл облысында Ұлттық гвардия орман алқабындағы өртті сөндірді

Сурет Ұлттық гвардияның баспасөз қызметінен алынды

Жамбыл облысында өртке оранған орман алқабын Ұлттық гвардия өшірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты аталған ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жамбыл облысында орын алған өте ауқымды өртті сөндіруге Ұлттық гвардия сапындағы 140-тен астам офицер, сержант және сарбаздар  жұмылдырылған.  Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінде тамыздың 13-нен 14-іне қараған түні дабыл қағылып, әскерилер Меркі ауданындағы өрт болып жатқан аймаққа ұшақпен жеткізілді. Таулы аймақта болған өрт мемлекеттік орман қорындағы өте ауқымды территорияны зақымдаған", - деп хабарлайды Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі. 

Қазір әскери қызметкерлер өрт ошағы орын алған жерде өрттің жалғаспауы үшін қажетті шаруаларды жасап жатыр.   

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама