Жамбыл облысындағы күшті дауылдан 35 адам зардап шекті

Жамбыл облысында к?н райыны? ?олайсызды?ына байланысты Т?тенше жа?дай жарияланды, б?л туралы арнайы брифингте облыс ?кімі м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 3 ?арашада?ы к?шті дауылдан оннан аса ?имарат зардап шеккен болатын. 

Жамбыл облысында күн райының қолайсыздығына байланысты Төтенше жағдай жарияланды, бұл туралы арнайы брифингте облыс әкімі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 3 қарашадағы күшті дауылдан оннан аса ғимарат зардап шеккен болатын. 

"Тараз қаласы қатты зардап шекті. Соның ішінде Тараз мемлекеттік университетінің төрт корпусының шатыры бүлінген. Қаладағы перинаталдық орталықтың 1500 шаршы метр жері қатты бүлінген. Жуалы ауданында он мектептің шатыры ұшып кетті, Шу ауданында үш мың шаршы метр аумақты құрайтын емхана бүлінді, - дейді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев. - Оқиғаның салдарын қайта қалпына келтіру үшін штаб құрылған. Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланып, қазіргі уақытта залалдың мөлшері есептелініп жатыр".

Облыс басшысы медициналық көмекке 35 адамның жүгінгенін айтты, оның ішінде үшеуі ауруханаға жатқызылған, алайда дәрігерлер жағдайды бақылауда ұстап отыр. Сонымен қатар 13 автокөлік зақымданған, - деді әкім.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 3 қарашада Таразада жылдамдығы секундына 35 метрді құраған қатты дауыл болып, салдарынан оншақты талдар құлап, университет ғимараты бүлінді және қатты жел бірнеше үйдің шатырын жұлып кеткен.

Дауыл кешкісін басталған. Куәгерлердің айтуынша, қалада ондаған талдар құлаған: кейбірі жолдағы көліктер үстіне құлады. Сондай-ақ, көшелерде жарық жоқ және кейбір бағдаршамдар істемей тұр. Осыдан барып жұмыс кұні аяқталған уақытта жолдарда көлік кептелісі болған. Талдардың көлікке құлаған кей орындарда ТЖД апаттық құтқару топтары жұмыс істеп жатқанын айта кетейік. Осы жайттармен қоса "Қазақстандық ипотекалық компаниясына" тиесілі тұрғын үйлердің бірі мен Тараз мемлекеттік университетінің технологиялық корпусының шатырлары жұлынып кеткен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама