Жамбылдық жастар "Азаматтық бақылауға" кірісті

"Жас Отан" Жастар ?анатыны? Жамбыл облысты? филиалы "Азаматты? ба?ылау" деген жобаны ж?зеге асырып жатыр. Б?л Мемлекеттік ?ызмет істері ж?не сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл агенттігіні? Жамбыл облысы бойынша департаментіні? ?леуметтік тапсырысы бойынша ?ол?а алынып отыр.

"Жас Отан" Жастар қанатының Жамбыл облыстық филиалы "Азаматтық бақылау" деген жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің әлеуметтік тапсырысы бойынша қолға алынып отыр.

Қазірдің халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған орталығында "қоғамдық қабылдау" бөлмелері ашылды. Облыс тұрғындарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалар аясында кеңестер беріліп, тиісінше көмек көрсетілді.

Реклама
Реклама

Нақтырақ айтсақ, жоба шеңберінде облыс аумағындағы 2000-нан аса тұрғынға түрлі кеңестер берілді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары 3000-дай мемлекеттік қызметтерді көрсететінін ескерсек, қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылғаны сыбайлас жемқорлық фактілерінің азаюына бірден-бір себеп.

Сонымен қатар, "Азаматтық бақылаудың" аясында "Жасырын сатып алушы", "Таза сессия", "Парасыз болашаққа" акцияларымен Жамбыл облысындағы барлық мемлекеттік мекеме, емхана, оқу орындары және жекеменшік мекемелерінде кездесу, семинарлар өткізілді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама