16 тамыз 2019 | 10:51

Заң бұзып, салық төлемеген 117 көліктің уақытша сақтау қоймаларында тұрғаны анықталды

© REUTERS

Бүгінде еліміздің уақытша сақтау қоймаларында құны 500 - 9000 доллар аралығындағы 117 көліктің тұрғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде еліміздің уақытша сақтау қоймаларында құны 500 - 9000 доллар аралығындағы 117 көліктің тұрғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бұл көліктердің барлығы кеден заңнамасын бұзып, кедендік төлемдер мен салықтар төленбеуінен қоймаға жеткізілген.

Реклама
Реклама

2019 жылдың 13 тамызындағы жағдай бойынша, уақытша сақтау қоймаларында 500-ден 9000 АҚШ долларына дейінгі Еуразиялық экономикалық одақ аумағында пайдалануға тыйым салынған және қауіпсіздік бойынша техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін 1965-2013 жылдары шығарылған 117 автокөлік құралы тұр.

"Техникалық регламентке сәйкес емес, бірақ бұдан әрі пайдалануға жарамды автокөлік құралдары қосалқы бөлшектер бойынша іске асыру үшін "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" АҚ уәкілетті ұйымына берілген. Іске асыруға және бұдан әрі пайдалануға жарамсыз автокөлік құралдары уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілгенде және ақшалай қаражаттар іздестірілгеннен кейін кәдеге жаратылады", - делінген комитеттің хабарламасында.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная