18 сәуір 2022 | 11:45

"Заң қабылданса". Тоқаевтың туысы елші қызметінен кете ме?

Теміртай Ізбастин

Қазақстанда Президенттің туыстарына лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынса, Қазақстанның Болгариядағы елшісі Теміртай Ізбастин қызметінен кетеді. Бұл туралы әділет министрі Қанат Мусин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда Президенттің туыстарына лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынса, Қазақстанның Болгариядағы елшісі Теміртай Ізбастин қызметінен кетеді. Бұл туралы әділет министрі Қанат Мусин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ-дағы брифинг барысында журналистер министрден Президенттің туыстарына лауазымды қызмет атқаруға тыйым салу туралы заң жобасы жөнінде сұрақ қойған. "Бұл жағдайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туысы, Қазақстанның Болгариядағы елшісі (Теміртай Ізбастин - авт. еск.) қызметінен алып тастала ма" деп сұрады журналистер.

"Президенттің туыстарына лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынса, бәрі заң бойынша жасалады. Қызметтен алып тастау деген кеңес кезінен қалған термин. Ол қызметін босатады, себебі заң бойынша бұл қызметті атқара алмайды", - деді Мусин. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Теміртай Ізбастин Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне 2019 жылдың 1 қарашасында тағайындалған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная