Жаңа жыл қарсаңында Алматының қоғамдық көліктері қалай жұмыс істейді?

Жаңа жыл қарсаңында Алматының қоғамдық көліктері қалай жұмыс істейді?

Алматыны? ?о?амды? к?ліктері 31 желто?санда ?деттегі режимде ж?мыс істейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ?алалы? Жолаушылар к?лігі ж?не автомобиль жолдары бас?армасына сілтеме жасап.

Алматының қоғамдық көліктері 31 желтоқсанда әдеттегі режимде жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.

"Мереке күндері қалалық қоғамдық көліктер әдеттегі режимде жұмыс істейтін болады. 962 автобус, олардың ішінде 107 троллейбус жолға шығады деп жоспарланып отыр", - деді Басқарма өкілдері.

Сондай-ақ, қалалық қоғамдық көліктердің жұмысын Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының Орталық диспетчерлерімен бақыланатыны айтылады.

Жарнама
Жарнама

Басқарма өкілдері қандай да бір сұрақтар туған жағдайда Орталық диспетчер қызметіне хабарласуларыңызды сұрайды: 397-01-97 немесе 271-65-47.

Ал "АвтоАлма-Транс" пен Green Bus Company өкілдері автобус пен троллейбустардың сағат 24.00-ге дейін жүретінін хабарлады.

Ал метро әдеттегідей сағат 23.30-ға дейін жұмыс істейтін болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама