ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 12 қазан 2018 14:49
Жанар Байбек жаңа қызметке ие болды
Жанар Байбек Астана қалалық сотының судьясы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің 2018 жылғы 9 қазандағы №768 қаулысында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы қызметінен босатылып, Байбек Жанар Кенжеқарақызы Астана қалалық сотының судьясы қызметіне тағайындалсын", - делінген қаулыда.
Бұған дейін Ербол Рақымбековтің Шымкент сотының төрағасы, ал Ержан Дәулиевтің Маңғыстау облыстық сотының төрағасы болып тағайындалғаны хабарланған еді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу