Жаңажылдық мерекелерде пиротехникадан 54 алматылық зардап шеккен

© pirojok.net

Алматыда жа?ажылды? мерекелерде пиротехникадан 54 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-а?, 7 адам аурухана?а жеткізілген. Оларды? ?шеуі - балалар. ?ал?андары амбулаторлы? ем алу?а жіберілген.

Алматыда жаңажылдық мерекелерде пиротехникадан 54 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ, 7 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың үшеуі - балалар. Қалғандары амбулаторлық ем алуға жіберілген.

Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Исабеков Нұржанның айтуынша. 4 ер адам Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

"Зардап шеккендердің басым бөлігінің көз алмасы соғылған, беттерін күйік шалып, түрлі жарақат алған, сондай-ақ, зардап шеккендердің құлақтарына зақым тиген", - деді бас хирург.

Реклама
Реклама

Ауруханаға жеткізілгендердің ең кішісі - 6 жаста болса, үлкені - 48 жаста.

"Жеткізілген науқастардың жағдайы тұрақты, ауруханаларда жатыр", - деді Исабеков жедел жәрдем қызметінің жаңа жыл түні әдеттегідей жұмыс істегендерін айта отырып.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама