Жаңбыр, найзағай мен дауыл: Дүйсенбіде ауа райы қандай болады?

Атмосфералы? фронттарды? ?туіне байланысты ?аза?станны? басым б?лігінде жа?быр, найза?ай, т?ман, екпінді жел са?талады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" орталы?ына сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, тұман, екпінді жел сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенді, 23 сәуірде Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай болып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.  

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, жел күшейеді. Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жетеді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама