25 ақпан 2021 | 12:52

"Заңгер дайындауда білім сапасы сын көтермейді" - сенатор

Фото: elements.envato.com

Сенатор Ләззат Сүлеймен премьер-министр Асқар Маминге Қазақстандағы жоғары заң білімін жетілдіру бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Айтуынша, заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенатор Ләззат Сүлеймен премьер-министр Асқар Маминге Қазақстандағы жоғары заң білімін жетілдіру бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Айтуынша, заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, еліміздің 113 жоғары оқу орнының 71-і заңгер мамандарын даярлайды. Оның ішінде аграрлық, педагогикалық, қаржы, теміржол, инновациялық бағыттағы оқу орындары да заңгерлер даярлап жүр. Ведомстволық оқу орындары даярлаған мамандарды қоспағанда, жоғары оқу орындарында соңғы 5 жылда 107 278 заңгер диплом алған. Сарапшылардың пікірінше, заңгер дайындауда білім сапасы тіпті сын көтермейді", - деді Ләззат Сүлеймен.

Сенатордың пікірінше, бұл саладағы жалғыз проблема емес. Құқықтану саласында арнайы кәсіби стандарттың жоқтығы, профессорлық-оқытушылық құрамның тапшылығы, сондай-ақ оқу және ғылыми процестерді үйлестірмеу болашақ заңгерлерді даярлау сапасына теріс әсер етеді.

Реклама
Реклама

Сүлеймен жағдайды жақсарту үшін премьер-министрге бірқатар бастама енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, заңгерлерді оқытатын оқу орындарын лицензиялау шарттарын қатаңдату, студенттердің тәжірибеден өту тетіктерін жетілдіру және заңгерлік маман даярлауды бейінді оқу орындарына беру қажет екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная