26 қаңтар 2024 | 10:26

Заңсыз алынған активтерді қайтару: тізілімге жаңа есімдер енгізіледі

Фото:depositphotos.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында тексеру шаралары басталатын жаңа тұлғаларды тиісті реестрге енгізу мәселелері талқыланды.

"Бұған дейін реестрге енгізілген кейбір тұлғалар бойынша кінәсін мойындау және заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтару туралы процессуалдық келісім жасау жоспарланған.

Бұдан бөлек, реестрдегі жекелеген субъектілердің және оларға үлестес тұлғалардың шығу тегі түсініксіз мүлкін мемлекет кірісіне аударуды мәжбүрлеу туралы талаптар қойылады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Премьер-министр Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы шешімі – "Әділетті Қазақстанды" құру процесінің жалғасы екенін атап өтті. Соңғы 2 жылда елге жалпы сомасы 1 триллион теңгеге жуық активтер қайтарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная