21 тамыз 2024 | 10:27

Заңсыз жұмыстан шығарылған теміржолшылар 900 мың теңгеден алады

Фото: depositphotos.com

Сот "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС тоғыз қызметкерін жұмыстан шығарғанына қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сот "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС тоғыз қызметкерін жұмыстан шығарғанына қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласының 9 тұрғыны "ҚТЖ – жүк тасымалы" ЖШС-на тепловоз жүргізушісінің қосалқы көмекшісі болып жұмысқа қабылданады. Алайда, бір жарым ай өткен соң, ЖШС атқаратын лауазымына сәйкес келмеуіне байланысты олармен еңбек шарттарын бұзған (Еңбек Кодексінің 52-бабы, 1-тармағы, 4-1-тармақшалары).

Еңбек шарттарын тоқтатуға кеңес хаттамасы негіз болған, онда анықталғаны:

Реклама
Реклама
  • кадрларды іріктеу конкурстық комиссиясы құрамының сәйкес келмеуі;
  • сынақ мерзімін қоспау бөлігінде еңбек шарттарын тиісінше рәсімдемеу;
  • кадр қызметінің оқу орындарына сұраныстар жіберу мен растаулар алу жолымен құжаттарды тексеруді
  • жүргізбеуі және басқа да рәсімдік бұзушылықтар.

Жұмыстан босатылған ЖШС қызметкерлері өз еңбек құқықтарын қорғау үшін Ақтөбе қалалық сотына жүгінген.

Сот талап қоюшылардың job.railways.kz. сайты арқылы жұмысқа орналасу кезінде, конкурсқа қатысу үшін барлық қажетті құжаттар және олардың кәсіби қабілеттерін растайтын құжаттар тапсырылғаны анықтады.

Сот тараптар берген дәлелдемелерді жан-жақты бағалай отырып, хаттамада талап қоюшыларды жұмыстан босатуға негіздер жоқ және бұл ЖШС басшылығы тарапынан немқұрайлылықты көрсетеді деген тұжырымға келді. Сонымен қатар, комиссия төрағасына қатысты қозғалған қылмыстық іс талап қоюшылардың әрекеттерімен байланысты емес, себебі олар комиссия төрағасының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауап бермейді.

Осылайша, ЖШС тарапынан талап қоюшылардың Конституциялық еңбек құқықтары бұзылған. Сот жұмыстан босатылған қызметкерлердің лауазымдарын қалпына келтірді.

Жұмыс берушіден әр талап қоюшы пайдасына 900 мың теңге шамасында мәжбүрлі бос жүрген уақыт пен моральдық зиян өтемақысы өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная