22 қыркүйек 2019 16:43

"Заңсыз митингіде кәмелетке толмаған жасөспірімдер ұсталған жоқ" - Полиция видеоға байланысты мәлімдеме жасады

Камила Долаева Журналист
Сурет: Tengrinews.kz

Рұқсат етілмеген митингіде қызды алып кетіп бара жатқаны түскен видеоға байланысты полиция мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рұқсат етілмеген митингіде қызды алып кетіп бара жатқаны түскен видеоға байланысты полиция мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті өкілдері Республика даңғылындағы заңсыз митинг өткізудің жолын кесу барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдер ұсталмағанын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған кәмелеттік жасқа "толмаған" қызды ұстау кезі түскен видеоға мәлімдеме жасаймыз. 2000 жылы туған азаматша полиция қызметкерлерінің заңсыз митингіге қатыспау туралы бірнеше рет айтылған талабын орындамай, оған қарамастан құқық қорғау органдарының қызметкерлерін итеріп, агрессияға итермеледі (видео бар)", - деп хабарлады елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, осыған байланысты А. есімді қыз басқа құқық бұзушылармен бірге ұсталған. "Оның жеке басын растайтын құжаттары болған жоқ. Дегенмен, анасы өтініш білдіргеннен кейін азаматша босатылды", - деді Нұр-Сұлтан полиция департаменті өкілі.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram